Профилактикалық-түсіндіру жұмысы » №202 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№202 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-76-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-76-30
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Профилактикалық-түсіндіру жұмысы
08
январь
2026

Профилактикалық-түсіндіру жұмысы

№202 мектеп-гимназияда жоғары сынып оқушыларына арналған профилактикалық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. Кездесуді мектеп инспекторы, Әуезов ауданы ПБ ЮПБ ЖПҚБ полиция капитаны Касымбеков Н жүргізді.
Кездесу барысында құқықтық маңызы жоғары өзекті мәселелер қарастырылды, атап айтқанда: қарудың заңсыз айналымы; кастеттерді, суық қаруды және өзге де тыйым салынған заттарды алып жүру; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аталған құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік түрлері; әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары.

Оқушыларға тыйым салынған заттарды сақтау, алып жүру және пайдалану қандай құқықтық салдарға әкелуі мүмкін екені жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы және әрбір азаматтың өз әрекеті үшін жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.

Аталған профилактикалық іс-шаралар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ олардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын қалыптастыруға бағытталған.






Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив