13
январь
2026
Құқық пен жауапкершілік: нашақорлықтың салдары
Адал азамат «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында, ҚАҢТАР – ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП АЙЫ шеңберінде «Құқық пен жауапкершілік: нашақорлықтың салдары» тақырыбында оқушылармен кездесу өткізілді.
Кездесуді Алматы қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Көбеев Дәурен Асқарұлы жүргізді.
Кездесу барысында спикер нашақорлықтың құқықтық, әлеуметтік және адам денсаулығына тигізетін ауыр зардаптары жөнінде жан-жақты мәлімет беріп, есірткі заттарын қолданудың тұлғаның өміріне, болашағына және қоғамдағы орнына кері әсері түсіндірді.
Іс-шара аясында оқушыларға есірткі заттарын сақтау, пайдалану және тарату үшін заңмен көзделген қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік, сондай-ақ мұндай құқықбұзушылықтардың салдары туралы айтылды. Кездесу оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың бойында жауапкершілік пен саналы көзқарас қалыптастыруға бағытталды.