Мектеп – ата-ана – бала. Үштік одақтың жұмысын жандандыру » №202 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№202 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-76-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-76-30
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп – ата-ана – бала. Үштік одақтың жұмысын жандандыру
21
январь
2026

Мектеп – ата-ана – бала. Үштік одақтың жұмысын жандандыру

Бүгін №202 мектеп-гимназиясында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. 

«Мектеп – ата-ана – бала. Үштік одақтың жұмысын жандандыру» тақырыбында өткен жалпы ата-аналар жиналысында маңызды мәселелер қаралды.

🔹 Күн тәртібінде:
▪️ І жартыжылдық қорытындысы бойынша мектеп директоры Б. Жанайханның есебі
▪️ Оқушылардың қауіпсіздігі: «Ата-аналар бақылауы» қосымшасымен жұмыс, кибербуллингтің алдын алу, қауіпті ойындар туралы директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары С. Лесованың баяндамасы
▪️ «Жасөспірімге не керек: талап па, түсіністік пе?» тақырыбында педагог-психологтар Н. Әбдіразаққызы мен Т. Ержанқызының кеңестері
▪️ Кәсіптік бағдар беру, дұрыс мамандық таңдау және тұлғалық даму жөнінде профориентолог Е. Жақсыбаевтың ақпараттық бөлімі

🤝 Жиналыс барысында ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілік және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері талқыланды.

📚 Осындай мазмұнды кездесулер ата-ана, бала және мектеп арасындағы өзара сенімді арттырып, бірлескен жұмысты жандандыруға ықпал етеді.

#АтаАналарЖиналысы
#ҮштікОдақ
#МектепАтаАнаБала
#ҚауіпсізМектеп
#КәсіптікБағдар
ТәрбиеЖұмысы
 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив