21
январь
2026
Нашақорлық – болашаққа апарар жолды жабады
Мектебімізде жастардың саналы таңдауын қалыптастыруға бағытталған «Нашақорлық – болашаққа апарар жолды жабады» тақырыбында маңызды профилактикалық кездесу өтті.
Іс-шараға Наркологиялық диспансердің дәрігері Анна Трубникова қатысып, нашақорлықтың адам денсаулығына, өмірлік мақсат пен болашаққа тигізер ауыр зардаптары туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы жөнінде нақты әрі түсінікті ақпараттармен бөлісті.
Кездесу барысында Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшелері –
Гульмира Рахмидинова (башқұрт этномәдени бірлестігі «Курай» Аналар кеңесінің төрайымы) және
Анар Габбасова (Алматы қаласы АНК Аналар кеңесінің мүшесі)
оқушылармен ашық форматта әңгіме жүргізіп, адамгершілік құндылықтар, тәртіп пен жауапкершілік, ата-ананы құрметтеу, достық пен дұрыс орта таңдаудың маңызы жөнінде тағылымды ойларымен бөлісті.
Мұндай кездесулер оқушылардың өмірге деген көзқарасын қалыптастырып, зиянды әдеттерден аулақ болуға, болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.
Салауатты өмір – жарқын болашақтың кепілі!

@analar_kenesi.almaty
@narkosluzhba_almaty

@analar_kenesi.almaty @narkosluzhba_almaty