05
февраль
2026
Наркобұзушылықтың алдын алу
Кәмелетке толмағандар арасында наркобұзушылықтың алдын алу мақсатында 9–11 сынып оқушыларына арналған тақырыптық фильм көрсетілімі ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдерде есірткі құралдарының заңсыз айналымы мен қолданылуына қатысты саналы көзқарас қалыптастыру, сондай-ақ жастардың құқыққа қайшы әрекеттерге тартылуының алдын алу.
Фильмде наркобұзушылықтың құқықтық, әлеуметтік және жеке тұлғалық салдары, заңнамада көзделген жауапкершілік, сондай-ақ мұндай әрекеттердің адам тағдыры мен оның жақындарына тигізетін кері әсері нақты көрсетілді.
Көрсетілімнен кейін оқушылармен түсіндіру жұмысы жүргізіліп, олар өз сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді. Мұндай іс-шаралар құқықтық сауаттылықты арттырып, есірткіге қарсы тұрақты көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.