Білім күні құтты болсын! » №202 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№202 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-76-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-76-30
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білім күні құтты болсын!
01
сентябрь
2026

Білім күні құтты болсын!

   1 қыркүйек – білімге ұмтылған барша қауым үшін ерекше күн. Бұл – мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін жаңа өмірдің бастауы, ал ұстаздар мен оқушылар үшін жаңа оқу жылының жарқын белесі.
   «Қазақстан Республикасының Конституциясы – адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті.
   Салтанатты шара барысында білімнің адам өміріндегі және ел болашағындағы маңызы айрықша атап өтілді. Себебі сапалы білім – зерделі ұрпақтың, ал зерделі ұрпақ – жарқын болашақтың негізі.
   📖 Мектеп – білім беріп қана қоймай, елін сүйетін, заңды құрметтейтін, адалдық пен жауапкершілікті биік қоятын азамат қалыптастыратын қасиетті орта.
   🌟 Жаңа оқу жылы барша оқушыға жаңа білім, жаңа достар, жаңа жетістіктер мен үлкен мүмкіндіктер әкелсін!
Ұстаздарға – шығармашылық шабыт пен толағай табыс, оқушыларға – ізденіс пен биік белестер, ата-аналарға – перзенттерінің жетістігіне қуаныш тілейміз!
   🎓 Білім күні құтты болсын!
Жаңа оқу жылы сәттілікке, білімге және жарқын жетістіктерге толы болсын!
 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив