Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл » №202 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№202 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-76-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-76-30
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл
29
август
2024

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл

«Білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы»

29.08.2024ж. күні мектебімізде №1 педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңесте «Білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы» күн тәртібі қойылды. Аталған тақырыпта  мектеп ұжымымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мектеп директоры Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі қағидаларын атап өтті: заң мен сот алдында барлығының теңдігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте көмек көрсететін азаматтардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ол барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлықпен күресуге міндетті екенін хабарлады. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтардың алдын-алу туралы айтылды. Кез-келген нысанда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыс жүргізілетіні туралы айтып өтті.

Екінші мәселе бойынша ДТІЖО С.Лесова сөйледі:  «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу туралы» бұйрықпен таныстырды. 

2024-2025 оқу жылы Қазақстан Республикасының 18 қараша 2015 жылғы 18 қарашадағы  № 410-V   ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы   іс қимыл»   туралы Заңы   талаптарын ( өзгертулер мен толықтырулар 03.07.2017 ж.) негізге ала отырып, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шараларын  бекіту   туралы» 29 тамыз 2024 жылы №154 бұйрық және «Ақшалай қаражат жинауға тыйым салу туралы» Алматы қаласы Білім басқармасының 2019 жылғы  24   қазан  № 03-1-4/893  хатын   негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының  8-бабының 2-тармағына  сәйкес Алматы қаласының білім беру ұйымдарында ақша жинауға жол бермеу мақсатында №202 мектеп-гимназияда «Оқушылар мен олардың ата-аналарынан ақша жинауға тыйым салу туралы»  2024 жылғы 29 тамыз №150 бұйрықтарды таныстырды. 

Үшінші мәселе мектептің Кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Балгабаева сыбайлас жемқорлық саясатының мақсаттары мен міндеттерімен таныстырып өтті.






Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив