26
ноябрь
2025
Қарттарым – асыл қазынам
«Қарттарым – асыл қазынам» атты тағылымды іс-шара 202 мектеп-гимназиясының 3 «Г» және 3 «Ә» сыныптары оқушыларының қатысуымен жоғары деңгейде өтті.
Іс-шараны сынып жетекшілері Далбаева Г. мен Ахметова Ш. ұйымдастырып, оқушылардың ата-әжелеріне деген құрметі мен сүйіспеншілігін өлең, ән және өнер арқылы көркем түрде жеткізе білді.
Оқушылар жүрекжарды арнаулар оқып, әуезді әндер орындап, ақ жаулықты әжелерге ерекше сый-құрмет көрсетті.
Ұрпақ тәрбиесі – үлкенге тағзымнан басталады!