21
апрель
2025
Хабарландыру
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, ОҚУШЫЛАР ЖӘНЕ СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕР 🔊🔊🔊🔊🔊🔊🔊🔊🔊🔊202 мектеп- гимназия мектебі 2024–2025 оқу жылының соңында өтетін “Соңғы қоңырау”, қорытынды аттестаттау және өзге де мерекелер мен мектепішілік іс-шараларға байланысты төмендегі талаптар мен ережелерді назарларыңызға ұсынады:✅ ЕРЕЖЕ:
📌 Сыйлық немесе ақшалай алғыс айту тек ризашылық сөздермен және алғыс хаттармен шектелуі тиіс.
📌 Іс-шара кезінде оқушылардың рұқсатсыз мектептен шығуына қатаң тыйым салынады.
📌 Сынып жетекшілері әр оқушының қатысуын тізім бойынша бақылап, ата-аналармен байланыста болады.
📌Іс-шара барысында артық дыбысты музыка, фейерверк, хлопушка, дрон қолдануға болмайды.
📌Ұялы телефондарды мақсатсыз қолдану, әсіресе видео түсіру немесе әлеуметтік желіге жүктеу, шектеулі болады.
📌Сыйластық пен тәртіпке сай емес әрекеттер (дауыс көтеру, рұқсатсыз сөйлеу, өз бетінше шешім қабылдау) – жол берілмейді.
📌 Ата-аналар тарапынан ұйымдастырылатын кез келген әрекет (фото/видео, киім, декор, т.б.) алдымен мектеп әкімшілігімен келісуі тиіс.
❌❌❌❌ ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
🔸 4 және 9-сынып оқушыларынан мектеп қажеттіліктеріне орай ақша жинау;
🔸 Аниматорлар, әртістер, агенттіктер мен студияларды шақыру;
🔸 Мұғалімдерге немесе мектеп әкімшілігіне сыйлық беру;
🔸 Мектеп ішіндегі жөндеу немесе тазалық жұмыстарына қаражат жинау;
🔸 Мейрамханалар, ойын-сауық орталықтары, саябақтар мен автокөлік шерулерін ұйымдастыру;
🔸 Сынып ішінде дастарқан жаю немесе ата-аналардан қосымша ақша талап ету;
✅ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС ТАЛАПТАР:
✔️ “Соңғы қоңырау” шарасына тек оқушының заңды өкілі ғана қатыса алады;
✔️ Барлық оқушыларға қауіпсіздік ережелері алдын ала таныстырылады;
✔️ Сынып жетекшілері іс-шара барысын үйлестіріп, тәртіп пен жауапкершілікті қадағалайды;
✔️ Қатысушылар мектеп формасын немесе салтанатты киім киюі тиіс;
✔️ Іс-шаралар тек мектеп аумағында және бекітілген тәртіп бойынша өткізіледі;
📞 Сұрақтар бойынша ДТІЖО
С. Лесова , тел: +7 702 607 7522
Ізгі ниетпен;
Мектеп директоры, Жанайхан Б