20
апрель
2022
“Отбасы- тәрбиенің ең тамаша мектебі” тақырыбында ашық тәрбие сағаты
Мектебімізде күн сайын әртүрлі тақырыптар бойынша ашық тәрбие сағаттары өтіп жатыр. 6 “ Б” сыныбы да бұдан қалыс қалмай, мағыналы, ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайтатын, оқушыларды бауырмалдылыққа тәрбиелейтін “Отбасы- тәрбиенің ең тамаша мектебі” тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының соңында үлкендер оқушыларға ақ батасын беріп, жарқын болашақ, ақ жол тіледі!

