15
февраль
2021
"Директорлық сенбі - ата-ана үні" онлайн кездесу
13.02.2021ж. №202 мектеп-гимназияда КММ-де "Директорлық сенбі - ата-ана үні" онлайн кездесу өтті. Мақсаты: қашықтықтан оқыту жағдайында балалар мен жасөспірімдердің тәрбиесіне көңіл бөлу, педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету, карантин кезіндегі сақтық шараларын сақтау. Кездесуге 10-11 сынып оқушыларының ата-аналары қатысты. Мектеп директоры м.а. С.М.Тиреуова ата-аналармен кездесу мақсатымен таныстырды. Онлайн кездесу барысында ата-аналармен ашық алаңда тілдесу жүргізілді. Мектеп әкімшілігі ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

