01
апрель
2021
«Елбасы медалі»
«Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы.
Бағдарламаға қатысу арқылы, жастар өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді.
2020 жылы «Елбасы медалі» бағдарламасы 11 мыңнан астам қатысушыны, 600 тәлімгерді, 17 аймақтық үйлестірушілер мен сарапшыларды қамтыды. Медальдың алғашқы тұсаукесері 2020 жылдың желтоқсанына жоспарланған. Елбасы медалінің иегерлері білім гранттарын тағайындау кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен артықшылыққа ие болады.
Біздің мектебіміздің 11 сынып оқушысы Чукушев Сұлтан «Елбасы медалінің» иегері атанды. Сұлтанға сәттілік тілей отырып, басқа да оқушыларымыздың жетістікке жетулеріне тілектеспіз.