Қоқыс — қайта өңделетін байлық » №202 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№202 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-76-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-76-30
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қоқыс — қайта өңделетін байлық
25
ноябрь
2025

Қоқыс — қайта өңделетін байлық

Қоқыс — қайта өңделетін байлық

Қоқысқа екінші өмір сыйлауға болатынын мектебіміздің 2 «Ә» сынып оқушылары тағы бір дәлелдеді. Олар тұрмыста қоқысқа тасталатын заттарды қайта қолданып, өз қолдарымен түрлі әсем бұйымдар жасады. Бірі әуе шары, бірі самаурын, тіпті киіз үй, үй жануарлары, ыдыс-аяқ, өсімдіктер және тұрмысқа қажетті құрал-жабдықтар әзірледі.

Сынып жетекшісі Гүлфайрус Нұрлыбекқызының айтуынша, бұл экологиялық шараға оқушылар өз еркімен, үлкен қызығушылықпен қатысқан. Шараның негізгі мақсаты — оқушыларды қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу және “Таза Қазақстан” акциясын қолдау.

Мектептің бастауыш кафедрасының жетекшісі Айнұр Тоқтасынқызы оқушылар дайындаған бұйымдарды жеке қарап шығып, ерекше шабытпен жасалған жұмыстарға жоғары баға берді. Ол балалардың қиялынан туған тың идеяларды ерекше атап өтіп, экологиялық тәрбиенің маңызын жеткізді.

2 «Ә» сынып оқушысы Ерназар Шахназ өз пікірін былай білдірді:
«Мен тұратын қаланың әрдайым таза болғанын қалаймын. Тазалық – әркімнің өзінен басталады. Су ішсең – құтысын қоқыс жәшігіне таста, кәмпит жесең – қағазын жерге тастама. Осыны бәріміз әдетке айналдырсақ, көшеде шашылған қоқыс болмас еді», – деді ол.

Оқушылар көрмеге елуден астам бұйым дайындап әкеліп, әрқайсысы өз жұмыстарының жасалу жолын мектеп басшылығы мен көрермендерге таныстырып өтті.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив