Ел қорғау – қасиетті парыз » №202 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№202 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-76-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-76-30
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ел қорғау – қасиетті парыз
21
ноябрь
2024

Ел қорғау – қасиетті парыз


Әуезов ауданындағы №202 мектеп-гимназия оқушыларыҚалнияз жыраудың «Ер Қармыс» батырлық дастанын жарыққа шығарып, өскелең ұрпақ арасында насихаттауға үлес қосқан Сандуғаш Тағабергеновамен кездесті.

Мақсат –«SABU Productions» орталығыныңбастамасыменоқырманға жол тартқан«Ер Қармыс»батырлық дастанын жас жеткіншектерге таныстыру.Жас оқырманға арналған бұл туындыда Ер Қармыстың ерлігі, халқымыздың ұлт болып қалыптасу жолындағы тарихи сәттері мен жаужүрек ерлердің Отан алдындағы жанқиярлық кездері жан-жақты баяндалады. Ер Қармыс Бекболатұлы 1720 жылдары өмірге келген, дастанда оның 75 жасында жаумен айқасқаны айтылады. Батыр қартайып, үйде науқастанып жатқанда «шайқаста ерлікпен өлсем» деп армандаған екен. Кейін «жау шапты» дегенде қолына найзасын алып жауға ұмтылған. Алмағайып заманда өмір сүрген батыр бабамыз жаумен шайқаста ерлікпен қаза табады. Бүгінгі шәкірт – ертеңгі ел қорғайтын сарбаздың жадына«Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген халық даналығын салғандай.

«Рухани жаңғыру жолында жас оқырманның санасына шақтап, көркем суретпен безендіріп бұрынғы батырлық тарихымыздан сыр шертетін дастанды қазіргі жастарға лайықты етіп шығаруды ұйғардық. Ер Қармыс батыр – тарихта болған адам. Ол жайында көптеген жыр жазылған, баһадүрдің сүйегі Маңғыстау жерінде. Бұл дастанның бірнеше нұсқасы бар. Эпос бізге ауызша жетсе де, оның түпнұсқасын таптық. Кітапты шығармас бұрын дастанды екі жылдай зерттеп, зерделедік. Маңғыстаулық марғасқа ақын, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері Светқали Нұржан осы нұсқаның өзгеріске ұшырамай жеткенін айтты», – дейдіидеяавторы Сандуғаш Тағабергенова.

Ер Қармыс кітабының 10 мың дана болып шығарылуына демеушілік еткен«ЦентрКредит банкі».Кітаптың таныстырылымы барысында оқушыларға арнайы сыйлықтар мен «Ер Қармыс» кітабы тарту етілді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив