03
март
2022
Кітап - адамзаттың рухани байлығының әлемі.
Кітап - адамзаттың рухани байлығының әлемі. Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат- білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ал ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине, кітаптан. Кітап- рухани қазына, байлық, өмір айнасы, тәрбие құралы. Сол себепті, ұлттық сөз өнері зергерлеріміздің бірі, қай шығармасы болсын оқырманды бейжай қалдырмайтын қарымды қаламгер Оралхан Бөкейдің туындысы «Атау кере» романы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні кафедрасының онкүндігі аясында "Оқуға құштар мектеп" атты жоба ұйымдастырылды. Жобаға қатысуға -15 мұғалім, 18 ата-ана ниет білдірді. Бірінші талап, шығарманы толық оқып шығу керек. Қатысушылар шығарманы толық оқып шыққан болса, келесі кезеңге өтеді. Екінші кезеңде осы кітапты оқырманға ұсыну (видео түсіріп, 202 МГ Instagram парақшасына жүктеу). Видеоны жүктеу 02.03-07.03 аралығында өтеді. Соңғы кезең мектебімізде 09.03 күні сағ:12.00 болады, қорытындысы жарияланады.