Іс-шаралар » №202 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№202 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-76-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-76-30
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні
27
ноябрь
2025
1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні
27 қараша 2025 жылы мектебімізде “1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне” орай 7-сынып оқушыларының қатысуымен “Бір қадам – бір өмір!” атты интерактивті тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға үндеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және уытты заттардың адам өміріне тигізетін қауіпті әсері туралы түсінік беру. Тренинг барысында: уытты заттардың адам болашағына әсері тәжірибелер арқылы көрсетілді; бейнематериалдар ұсынылды; рөлдік
Қарттарым – асыл қазынам
26
ноябрь
2025
Қарттарым – асыл қазынам
«Қарттарым – асыл қазынам» атты тағылымды іс-шара 202 мектеп-гимназиясының 3 «Г» және 3 «Ә» сыныптары оқушыларының қатысуымен жоғары деңгейде өтті. Іс-шараны сынып жетекшілері Далбаева Г. мен Ахметова Ш. ұйымдастырып, оқушылардың ата-әжелеріне деген құрметі мен сүйіспеншілігін өлең, ән және өнер арқылы көркем түрде жеткізе білді. Оқушылар жүрекжарды арнаулар оқып, әуезді әндер орындап, ақ жаулықты әжелерге ерекше сый-құрмет көрсетті. Ұрпақ тәрбиесі – үлкенге тағзымнан басталады!
Қоқыс — қайта өңделетін байлық
25
ноябрь
2025
Қоқыс — қайта өңделетін байлық
Қоқыс — қайта өңделетін байлық Қоқысқа екінші өмір сыйлауға болатынын мектебіміздің 2 «Ә» сынып оқушылары тағы бір дәлелдеді. Олар тұрмыста қоқысқа тасталатын заттарды қайта қолданып, өз қолдарымен түрлі әсем бұйымдар жасады. Бірі әуе шары, бірі самаурын, тіпті киіз үй, үй жануарлары, ыдыс-аяқ, өсімдіктер және тұрмысқа қажетті құрал-жабдықтар әзірледі. Сынып жетекшісі Гүлфайрус Нұрлыбекқызының айтуынша, бұл экологиялық шараға оқушылар өз еркімен, үлкен қызығушылықпен қатысқан. Шараның негізгі
Жасанды интеллектінің халықаралық қауіпсіздіктегі қолданысы
25
ноябрь
2025
Жасанды интеллектінің халықаралық қауіпсіздіктегі қолданысы
25 қараша 2025 жылы мектебімізде Global Diplomacy Model United Nations (GDMUN) 🇺🇳 халықаралық жобасы өтті. Жоба тақырыбы — “Жасанды интеллектінің халықаралық қауіпсіздіктегі қолданысы”. Іс-шара қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіліп, оқушылардың дипломатия, жаһандық мәселелерді талдау, өз ойын халықаралық деңгейде жеткізу дағдыларын дамытуға бағытталды. General Secretary of GDMUN: Raiymbek Sayatzhan Делегаттар тізімі: Ayaulym Narziqyzy – Ұлыбритания 🇬🇧 Aidyn Bakytzhan – Дания 🇩🇰 Inkar
Бірыңғай ата-аналар жиналысы
07
апрель
2025
Бірыңғай ата-аналар жиналысы
№202 мектеп-гимназияда 01.04.-12.04.2025ж.күндері арасында ата-аналар жиналыстары өткізілді. Жиналыста ата-аналарға қазіргі таңдағы өзекті мәселе: Баланың өмір қауіпсіздігі туралы нақты айтылды.       Оқушылардың жолда жүру ережесін қатаң сақтауы, күн жылынуына байланысты су айдындарындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалардың терезеден құлауын болдырмау мақсатында қауіпсіздік шараларын сақтаудың шаралары түсіндірілді. Оқу жылының соңында, мамыр айында жылдың жазғы демалыс
«Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі» педұжыммен жиналыс
01
апрель
2025
«Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі» педұжыммен жиналыс
«Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі» педұжыммен жиналыс 01.04.2025ж. күні «Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі» тақырыбында педагогикалық ұжыммен, сынып жетекшілерімен жиналыс өткізіліп, онда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының сапалы жүзеге асырылуы, әлеуметтік жобалар мен іс-тәжірибелер, балалардың қауіпсіздігі туралы тақырыптар қозғалды. Қауіпсіздік сабақтарын өткізуге, сондай-ақ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұсынылған «Өнегелі 15 минут» бастамасының маңыздылығын ата-аналарға қалай
Ел қорғау – қасиетті парыз
21
ноябрь
2024
Ел қорғау – қасиетті парыз
Әуезов ауданындағы №202 мектеп-гимназия оқушыларыҚалнияз жыраудың «Ер Қармыс» батырлық дастанын жарыққа шығарып, өскелең ұрпақ арасында насихаттауға үлес қосқан Сандуғаш Тағабергеновамен кездесті. Мақсат – «SABU Productions» орталығыныңбастамасымен оқырманға жол тартқан «Ер Қармыс»батырлық дастанын жас жеткіншектерге таныстыру.Жас оқырманға арналған бұл туындыда Ер Қармыстың ерлігі, халқымыздың ұлт болып қалыптасу жолындағы тарихи сәттері мен жаужүрек ерлердің Отан алдындағы жанқиярлық кездері
"Үздік педагог" Дене шынықтыру мұғалімдер арасында
13
ноябрь
2024
"Үздік педагог" Дене шынықтыру мұғалімдер арасында
      2024 жылғы 13 қарашада Алматы қаласының №202 мектеп-гимназиясында дене шынықтыру мұғалімдер арасында "Үздік педагог" жарысы өтті 🏃‍♀️🤸‍♂️⚽.        Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз! Сіз бізді салауатты және белсенді өмір салтына шабыттандырасыз! 🙌 # Үздік Дене Шынықтыру Мұғалімі #Дене Шынықтыру # Алматы #202МГ       Ұйымдастырушы Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Шамшиденқызы Қ , Қабдылов Д.. 🎉
“Менің отбасым салауатты өмірді жақтайды” атты отбасылық эстафеталық жарысы
05
сентябрь
2024
“Менің отбасым салауатты өмірді жақтайды” атты отбасылық эстафеталық
05.09.2024ж.күні “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы бойынша мектебіміздің “Ата-аналарды педагогикалық қолдау” орталығы ұйымдастыруымен өткен “Менің отбасым салауатты өмірді жақтайды” атты отбасылық эстафеталық жарысы өтті. Жарысқа 4-ші сыныптардың ата-аналары мен сынып оқушылары қатысты . Мақсаты: Отбасылық құндылықты арттыру, салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу. Барлық қатысқан ата-аналарымызға, оқушыларымызға және сыныпты ұйымдастврған жетекшілерге мектеп Алғыс білдіреді! Іс-шараны
БАЛАNEWS.KZ газеті өз қызметін бастайды
22
август
2024
БАЛАNEWS.KZ газеті өз қызметін бастайды
Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар! Назарларыңызға мектебімізде БАЛАNEWS.KZ газеті өз қызметін бастағанын хабарлаймыз! БАЛАNEWS .KZ газеті болашақта мектеп оқушыларының шығармаларын насихаттайтын, жетістіктерін дәріптейтін, ата-аналарымыз мектеп өмірімен танысып отыратын, мектеп ұстаздарының шығармашылық тәжірибесімен, жаңашыл идеяларымен бөлісетін ортаға айналады деген үмітіміз бар. Мектеп жаңалықтарын, оқушыларымызбен ұстаздарымыздың жетістіктері мен табыстарын білгіңіз келсе
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 18 Вперед