Білім күні құтты болсын! » №202 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№202 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-76-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-76-30
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білім күні құтты болсын!
01
сентябрь
2023

Білім күні құтты болсын!

Құрметті #202 мектеп-гимназия ұжымы, қымбатты оқушылар, ата-аналар және барша мектебіміздің оқырмандары!
Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймыз!
1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл мереке кішкентай бүлдіршіндердің мектеп табалдырығына қадам жасауға бастау алса, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады.
Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін, яғни 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушыларды қарсы алады, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы.
Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз! Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!
Білім күні құтты болсын! 🌺🌺🌺

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив