Тамақтану туралы » №202 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№202 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-76-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-76-30
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
ноябрь
2022

Тамақтану туралы

 Мектеп асханасы әр айда бір рет бракераждық комиссия мүшелерімен бірлесе отырып тексеріледі.
 
Мектеп асханасы таңғы сағат 07.00-ден кешкі 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Мектеп әкімшілігі тарапынан кезекшілік кестесі, бастауыш сынып мұғалімдерінің асханада күнделікті кезекшілік кестесі және мектеп әкімшілігі тарапынан асхананың ас мәзірін, ыстық тамақтың сапасын, асхананың санитарлық жағдайын қадағалау мақсатында мектептің бракеражды комиссиясы құрылған. Асханада оқушыларды тамақтандыру мақсатында мектепішілік бұйрықтар шығарылып, оқушылардың асханаға бару кестесі, ыстық тамақты тегін ішетін оқушылардың тізімі тіркелген, мектеп директормен бекітілген. 

Тексеру барысында мектеп асханасының санитарлық жағдайы талапқа сай, таза, жұмыс істеуге рұқсат етілген арнайы құжаттары, рұқсат қағазы бар, асхана паспорты, шағым және тілек, әр тағам құндылығы, бракераж, шикі өнімдер журналдары бар және күнделікті толтырылып отырады. Асхана жұмысшыларының санитарлық кітапшалары, ауыстырып киетін жұмыс киімдері, жұмыс істеуге рұқсат етілген құжаттары бар. Асханада оқушыларға арналған апталық ас мәзірі және соған негізделіп жасалған 1 күндік ас мәзірі құрылып, мектеп директорымен бекітілген. Асхана бұрышы ілінген, онда 1 күндік ас мәзірі, бастауыш сыныптардың асханаға келу кестесі көрсетілген. Мектеп медбикесі Сырттанова М.А. асхана өнімдерін, әр күнгі ас мәзірін тексеріп журналға сапасын, дәмін жазып күнделікті белгілеп отырады.

2022 жылы 2-тоқсан мектеп бойынша жалпы бала саны 2066, оның ішінде 1-4 сынып 1038 бала, 5-11 сынып 70 бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив