Іс-шаралар » Страница 7 » №202 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№202 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-76-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-76-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
,,Таза мектеп" акциясы
01
ноябрь
2021
,,Таза мектеп" акциясы
І тоқсанның соңғы күні мектебіміздің оқушылары ,,Таза мектеп" акциясын ұйымдастырып,сынып жетекшілерімен бірге тазарту жұмыстарын жүргізді. Атсалысқан сыныптарға Алғысымыз шексіз! https://youtu.be/4DSs5ieszMs
"Оқуға құштар мектеп"
30
октябрь
2021
"Оқуға құштар мектеп"
Алматы қаласы Әуезов ауданы 202 мектеп-гимназиясының кітапханасында "Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша кітапхана меңгерушісі Жанболатова С. ұйымдастыруымен Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына орай 11 сынып оқушыларымен ақынның өмір жолдарымен танысып, өлең жолдарын оқып пікір алмасты. Сынып жетекшісі Камзина М. Мақсаты: оқушыларды Қасым Аманжоловтың поэзиясымен, өнерімен тереңірек таныстыру және патриоттық рухта тәрбиелеу.
"Қарттар күні және айы"
20
октябрь
2021
"Қарттар күні және айы"
Мектептің тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес қазан айында "Қарттар күні және айы" іс-шаралары бойынша оқушыларымыз бен Әуезов ауданының ардагерлерінің кездесуі өтті. Кездесу барысында Ардагерлер қазіргі жас ұрпаққа өздерінің ақылы мен кеңестерін айтып, тәрбиелік маңызы зор әңгіме жүргізді. Ардагерлер ұйымының атынан мектеп директоры және ұйымдастырушы әкімшілік мүшелеріне алғыс хат табысталды
«Өзін - өзі басқару» ұйымы
19
октябрь
2021
«Өзін - өзі басқару» ұйымы
Бүгін Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай мектебімізде «Өзін-өзі басқару» ұйымының Президенті мен ұйымның мүшелерін салтанатты түрде қабылдадық. Өткен оқу жылында «Өзін - өзі басқару» ұйымы құрамында болған оқушыларымызды «Мақтау грамоталарымен» марапаттадық. Дауыс беру нәтижесінде ең көп дауыс жинаған 10 «Б» сынып оқушысы Мұсабалинов Ануар Нұрланұлы 2021-2022 оқу жылында мектебіміздің «Өзін-өзі басқару» ұйымының Президенті болып сайланды.
“Берекелі алтын күз”
18
октябрь
2021
“Берекелі алтын күз”
Бастауыш сынып оқушыларының “Берекелі алтын күз” атты табиғи заттарды пайдалана отырып жасаған бұйымдары. “Ел іші- өнер кеніші” демекші, оқушыларымыздың фантазиясында шек жоқ. Ұйымдастырушы ұстаздарымыз бен атсалысқан ата-аналарымызға АЛҒЫСЫМЫЗ шексіз.  
Салауатты өмір салты
12
октябрь
2021
Салауатты өмір салты
Мектебімізде Салауатты өмір салтын ұстану және насихаттау мақсатында ұстаздар арасында спорттық-эстафеталық жарыстар өткізілді. Бұл үрдіс дәстүрлі түрде жалғасып отырады.
" Кітапханаға саяхат"
11
октябрь
2021
" Кітапханаға саяхат"
202 мектеп - гимназияның кітапхана меңгерушісі С. Жанболатова " Кітапханаға саяхат" атты бастауыш сыныптармен таныстырылымы болды. Мақсаты: Кітапхана туралы мәлімет беру, оқушыларға кітапты құрметтей білуге, ұқыптап ұстауға баулу, білімге деген құштарлығын арттыру мақсатында кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы мәлімет беру.Кітапты пайдалану ережесіме таныстыру болып өтті.
Кіші футбол
04
октябрь
2021
Кіші футбол
Ұстаздар күніне орай, Әуезов ауданының мұғалімдері арасында кіші футболдан жарыс өтті. Жарыс №42 жалпы білім беретін мектептің алаңында өткізілді, оған 7 команда қатысты. Біздің мектебіміздің командасы IV-орынды иеленді. Мектебіміздің ағайларын шын жүрекпен деңіспен құттықтаймыз! Мектебіміздің абыройын асқақтатып, тек жеңістерге жете беріңіздер!  
Тілден терең теңіз жоқ
23
сентябрь
2021
Тілден терең теңіз жоқ
Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай  мектебіміздің 6"Г", 7 "А" сыныбы оқушыларының қатысуымен "Тілден терең теңіз жоқ" атты ашық сынып сағатын Аубакирова Балжан Баймұханбетқызы  мен Балғабаева Әлия Оспанқызы ұйымдастырды.Іс-шараның мақсаты:  қазақ тілінің мәртебесін көтеру, жас ұрпақтың бойына ана тілін құрметтеуді,сүюді сіңіру.
Тілдер күні
22
сентябрь
2021
Тілдер күні
Тілдер күні мерекесіне орай мектебімізде " Тәуелсіздік - мемлекеттік тіл тірегі" тақырыбында кс-шара өтті. Мақсаты:  Оқушыларды мемлекеттік тіліміздің өркендеуіне,мәртебесін биік ұстап,тілімізді сүюге, дәрежесін көтеру мақсатында, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері,салт-дәстүрі,діні,тілі ерекшелігі болатынын түсіндіру.