М.Аманжоловтың шығармашылығы » №202 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№202 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-76-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-76-30
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » М.Аманжоловтың шығармашылығы
19
октябрь
2022

М.Аманжоловтың шығармашылығы

25 қазан Республика күні қарсаңында №202 мектеп ұжымы  КСРО Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Ленин комсомолы, Республикалық, Мемлекеттік сыйлықтардың иегері, суретші  Мағауя Аманжоловтың шығармашылығына арналған кездесу ұйымдастырды. Кездесуге суретшінің жұбайы Гульбайраш Молдабаева, қызы Құралай Аманжолова және Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік мұражай директорының орынбасары, ҚР еңбек сіңірген қайраткері С.Ж.Кобжанова, публицист – жазушы Талғат Айтбайұлы, сондай-ақ Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нусупова Асем Бековна қатысты. Т.Айтбайұлы  суретші туралы жақсы естеліктерімен ой бөлісті. Жұбайы Гульбайраш Сүлейменқызы суретшінің өмірінен үзік сыр шертті. Мектеп оқушылары Ә.Қастеев мұражайына барып, суретші туындыларымен танысып, бейнебаян түсіріп қайтыпты. Еліміз тарихына қолтаңбасын қалдырған Мағауя ағамызға мың тағзым!
Ұйымдастырушылар:
Орыс тілі мұғалімі -  Э.А.Джуматаева,
кітапханашы – С.Жанболатова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – З.У. Адишева
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив